«Сәтбаев қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ–нің ақпараттық порталының жаналықтарды таратуға жазылу
 
 
 

  

БастыБөлімнің жұмысыҚызметтік нұсқаулықтар

Қызметтік нұсқаулықтар




«Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бас маманының
лауазымдық нұсқаулығы
/әкімшілік мемлекеттік лауазымның санаты E-R-4/.

1. Жалпы ережелер.

1.1. Мекеме бас маманы өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын және осы лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады.
1.2. Бас маман уақытша болмаған жағдайда оның міндеттері бас мамандардың біреуіне жүктеледі.

2. Бас маманның құқықтары.

2.1. Өз құзыреті шегінде сыртқы ұйымдармен байланысты жүргізу.
2.2. Құрылыс обьектілерінде жоспарлайтын, техникалық-экономикалық негіздемелерді дайындайтын тиісті органдар мен қызметтерден ақпараттар сұратуға және алуға.

3. Бас маманның міндеттері.

3.1. ҚМЖ және ЖСҚ бойынша орындайтын потенциалды жабдықтаушының қызметін анықтауға, мердігерлермен келісім шарт жасауға, сметалық құжаттарда көрсетілген құрылыстың құнын анықтауға, құрылыс нысандарына тапсырыс беруші ретінде қатысушы бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жалпы шығындарын анықтау бойынша мемлекеттік қазметтерді жүргізуге және дайындауға қатысу.
3.2. Республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген ағымдағы трансферттердің игерілуін бақылау.
3.3. Бюджеттік тапсырыстардың, бюджеттік бағдарламалардың түсініктемелері мен төлқұжаттарын өңдеу.
3.4. Конкурстық құжатқа сәйкес Ф-2 актісі бойынша бюджет есебінен орындалған жұмыс көлемін қабылдауды жүзеге асыру.
3.5. Жобалық – іздестіру жұмыстарын өңдеуге, инженерлік – коммуникациялық инфроқұрылымды және бюджет қаражатынан несие есебінен мемлекеттік коммуналдық (жалдамалы) тұрғын үй құрылысына қаланың бюджетін қалыптастыруда ұсыныс енгізу, бюджеттік қаражаттарды жоспарлауға және бөлуге қатысу.
3.6. Құрылыс нысандарындағы жұмыстың сапасын, құрылыс – монтаждау
жұмыстарының орындалған физикалық көлемін, бюджет қаражатының рационалды тиімді мақсатты пайдалануын бақылуды жүзеге асыру.
3.7. Аудандарда (қаланың облыстық маңызы бар) бюджетін дамытуға, инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымды және бюджет қаражатының несие есебінен мемлекеттік коммуналдық (жалдамалы) тұрғын үйдің құрылысын салуға және (немесе) алуға; сумен қамтамасыз ету жүйестін дамытуға; білім нысандарын, денсаулақ сақтау, жылу энергетия жүйесін дамытуға бағытталған трансферттердің мақсатты игерілуін қадағалауды орындау және бақылау жүргізу.
3.8. Ғимаратты, үй құрылысы, инженерлік және транспорттық коммуникациялық техникалық бақылауына қатысу, постулизациялық жағынан жұмысты жүргізу, нысанды консервациялау.
3.9. Құрылысы аяқталған нысандарды пайдалануға қабылдауға қатысу.
3.10. Веб-Сайтты жаңарту.
3.11. Құқықтық оқыту жөніндегі хаттамаларды дайындау.
3.12. Азаматтардың өтініштерін және ұсыныстарын уақытылы қарастыру.
4. Бас маманның жауапкершілігі.

4.1. Заңға сәйкес бас маман өз лауазымдық міндеттерін уақытылы және сапалы орындауға міндетті.
4.2. Мемлекеттік қызметкерлердің Ар – намыс Кодексін сақтау.
4.3. Қала әкімінің, бөлім басшысының тапсырмаларын орындау.

«Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бас маманының
лауазымдық нұсқаулығы
/әкімшілік мемлекеттік лауазымның санаты E-R-4/.

1. Жалпы ережелер

1.1. Мекеме бас маманы өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын және осы лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады.
1.2. Бас маман уақытша болмаған жағдайда оның міндеттері бас мамандардың біреуіне жүктеледі.

2. Бас маманның құқықтары.

2.1. Өз құзыреті шегінде сыртқы ұйымдармен байланысты жүргізу.
2.2. Құрылыс обьектілерінде жоспарлайтын, техникалық-экономикалық негіздемелерді дайындайтын тиісті органдар мен қызметтерден ақпараттар сұратуға және алуға.

3. Бас маманның міндеттері.

3.1. Құрылыс объектілерін, жұмыстың жобалау құжаттарына сәйкес
нақты жұмыс көлемінің сапасын, бюджет қаражатын мақсатты жүзеге асыруын қадағалау.
3.2. Жергілікті өзін – өзі басқару мекемелері мен мердігерлердің жұмысын қадағалауды жүзеге асырып, туындаған мәселені орнында шешу.
3.3. Мердігерлік ұйымдардың жұмыстарын өндіріс жұмыстарының кестесіне сәйкес үйлестіру.
3.4. Құрылыс нысандары бойынша болжамдарды, бағдарламаларды,
негіздемелерді құру.
3.5. Инвестициялық жобаны іске асыру және қаражатты анықтауға қатысу,(технологиялық сүйемелдеу қызметін, ЖСҚ-ды өңдеуді, жобалардың сараптамасын, мердігерлік жұмыстарды, авторлық қадағалауды сатып алу).
3.6. Құрылыс барысында жергілікті бюджеттен және ресми трансферттердің республикалық бюджет қаражат есебінен орындалатын технологиялық жетекшіні және техникалық қадағалауды ұйымдастыру.
3.7. Бюджет қаражатынан бөлінген нормативтік құжаттардың сәйкестігін және жобалық құжаттарды келістіру және жобалық – сметалық құжаттарды өңдеуге шығыс мәліметтерін тексеруді қамтамасыз ету.
3.8. Құрылысы аяқталған нысандарды пайдалануға қабылдауға қатысу.
3.9. Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын уақытылы қарастыру.

4. Бас маманның жауапкершілігі.

4.1. Заңға сәйкес бас маман өз лауазымдық міндеттерін уақытылы және
сапалы орындауға міндетті.
4.2. Мемлекеттік қызметкерлердің Ар – намыс Кодексін сақтау.
4.3. Қала әкімінің, бөлім басшысының тапсырмаларын орындау.



 

Архив Посланий Президента

 
 

 


Қазан, 2019
ДНСНСРБНЖМСБЖБ
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 


Сайтты жаңарту жылдамдығын бағалайсыз ба?
Берген даустардың мұрағаты