«Сәтбаев қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ–нің ақпараттық порталының жаналықтарды таратуға жазылу
 
 
 

  

БастыБағдарламаларды іске асыру«7-20-25» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасы

«7-20-25» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасы




«7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 107 қаулысымен бекітілді.
«7-20-25» бағдарламасының негізгі мақсаты халықтың көптеген сегменттері үшін қол жетімді тұрғын үй ипотекасын құру болып табылады. Бағдарлама мемлекет басшының тапсырмаларын іске асыру мақсатында әзірленді және келесі талаптар бойынша ипотекалық тұрғын үй кредиттеуді көздейді: жылдық сияқы мөлшерлеме - 7%, бастапқы жарна - 20%, қарыз мерзімі – 25 жылға дейін.
Бағдарламаға кім қатыса алады?
Бағдарлама бойынша қарызды кәсіпкерлік және (немесе) еңбек қызметінен табыс алатын, сондай-ақ меншік құқығында баспана иеленбейтін кез келген Қазақстан азаматы ала алады.
«7-20-25» бағдарламасының авторлары тұрғын үйдің құнын қалай анықтады?
Ипотекалық кредиттерді бекітудегі негізгі факторлар төлем қабілеттілігі мен тұрақты табысы болып табылады. Қазіргі уақытта банктік ұйымдар қосымша критерийлерді өңдейді. Критерийлерді одан әрі қатайту жоққа шығарылмайды. Бұл тұрғын үй сатып алуды қажет ететін адамдарға (табысы аз, тұрмысы нашар отбасылар, жас отбасылар және т.б.) азаматтар кепілдікке ие болуы үшін қажет. Үшінші пәтерді талап ететін табыс деңгейі жоғары азаматтар артықшылықты бағдарламаны пайдалана алмайды.
Сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғары құны:
•    Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен олардың Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген шекаралар шегіндегі қала маңы аймақтары, Ақтау, Атырау, Шымкент үшін 25 млн теңге
•    Басқа өңірлер үшін – 15 млн теңге
Қарыздың ең жоғары сомасы:
•    Кепілдік қамтамасыз ету құнының 80 %
Жеке тұлға Бағдарлама бойынша қарыз алу үшін мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:
1.    Банктің қалауы бойынша мына құжаттың біреуімен:
- бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жеке зейнетақы шотынан соңғы алты айдағы үзінді-көшірмесімен;
- жұмыс орнынан соңғы алты айдағы кірістері туралы анықтамамен;
- қарыз алушы-жеке тұлғаның соңғы салық кезеңі үшін жеке табыс салығы бойынша салық декларациясымен;
- банктің ішкі құжаттарына сәйкес ипотекалық тұрғын үй қарызы шарты бойынша қарыз алушының міндеттемелерін орындау мүмкіндігінің болуын көрсететін өзге де құжаттармен расталған еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен алынатын кірісінің болуы;
2.    Кредиттік бюроның кредиттік есебімен расталған бағдарлама бойынша ипотекалық тұрғын үй қарыздары және өзге де ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша өтелмеген берешектің болмауы;
3.    Келесіні қоспағанда Қазақстан Республикасының аумағында Құқықтық кадастр мәліметтерімен расталған меншік құқығындағы тұрғын үйдің болмауы:
- әрбір отбасы мүшесіне пайдалы алаңы 15 шаршы метрден кем жатақханаларда бөлмелердің болуы;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық деп танылған тұрғын үй.
 «7-20-25» бағдарламасының серіктес банктер
Қатысушы банктердің тізбесі «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ интернет-ресурсында орналастырылған. Бағдарлама шарттары бойынша қатысушы банктер қарыз алушылардан қарыз беру және оны өтеуге қызмет көрсету үшін комиссияны алу құқылы емес. Бұл бағдарлама тек қаржылық тұрақтылық критерийлеріне сай келетін және ұлттық рейтингтегі соңғы орындарға ие емес банктерді тартады.
«7-20-25» бағдарламасының серіктес банктер
•    Еуразиялық банк
•    АТФ Банкі
•    Халық банкі
•    Цеснабанк
•    ForteBank
•    Банк ЦентрКредит
•    RBK Bank
•    Сбербанк
Бағдарламамен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында сілтемесі бойынша танысуға болады, сондай-ақ жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар да орналастырылған.
Для ссылки https://nationalbank.kz/?&switch=kazakh



 

Архив Посланий Президента

 
 

 


Кыркүйек , 2019
ДНСНСРБНЖМСБЖБ
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 


Сайтты жаңарту жылдамдығын бағалайсыз ба?
Берген даустардың мұрағаты