«Сәтбаев қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ–нің ақпараттық порталының жаналықтарды таратуға жазылу
 
 
 

  

Ереже




«Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі»
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ

2013 жыл

1. Жалпы ережелер

1. «Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі Сәтбаев қаласының аумағында құрылыс саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 
3. «Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық – құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай – ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4 «Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. «Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. «Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. «Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті  қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. «Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері - Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, индекс 101302, Сәтбаев қаласы, академик Қаныш Сәтбаев даңғылы, 108.
9. Мемлекеттік мекеменің толық атауы - «Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже «Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. «Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. «Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне   кәсіпкерлік субъектілерімен «Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

 

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

13. «Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Сәтбаев қаласы аумағында құрылыс жұмыстары жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
14. Міндеттері:
1) құрылыс үшін инженерлік іздестірулерді жүргізу; 
2) нысандардың құрылысы бойынша дәйектемелерді, болжамдарды, бағдарламаларды құру;
3) орнатылған тәртіпте жобалық құжаттарды (жобалық - сметалық) өңдеу, сараптамадан өткізу, бекіту және келістіру жұмыстарын жүргізу;
4) жаңа құрылыстарды, сонымен қатар инженерлік және транспорттық коммуникацияларды, құрылымдарды, ғимараттарды, бар құрылымдарды ұлғайту, техникалық қайта қаруландыру, жаңғырту, қайта құру, қалпына келтіру және күрделі құрылыс жөндеу жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді;
5) көгалдандыру және көріктендіру нысандарындарының құрылысын салу, аумақты инженерлік дайындауды қамтамасыз ету;
6) құрылысы аяқталмаған нысандарға консервациялау бойынша жұмыстарды жүргізу;
7) нысандардың постутилизациясы бойынша кешенді жұмыс жүргізу;
15. Функциялары:
1) мемлекеттік сатып алуларға қатысты мердігердердің жобалық (бағдарлама) құрылыс жұмыстарына (жобалық, іздестіру, құрылыс үшін сараптама жұмыстарын қоса алғанда) тапсырыс беруші ретінде шығу;
2) бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландыруы қарастырылған, заңнама тәртібімен орнатылған құрылыс нысандарының жобалары, аумақты инженерлік дайындауды, көгалдандыруды және көріктендіруді, құрылысы аяқталмаған нысандарға консервациялауды жүргізуді, нысандардың постутилизациясы бойынша кешенді жұмыстарын жүргізуді дамыту;
3) пайдалануға берілетін нысандарды Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен қабылдау жұмыстарын ұйымдастыру;
16. Құқықтары мен міндеттері:
1) бекітілген заңнамалық тәртіпте ұйымдардан, мекемелерден, кәсіпорындардан керекті ақпараттарды, түсініктемелерді, құжаттарды және басқа да мәліметтерді лауазымды тұлғалардан сұрату;
2) әрекет ететін заңнамалық актілерде қарастырылған құқықтарды орындау.

 

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

17. «Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінде    басшылықты «Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
18. «Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. Бірінші басшынің құзыреті:
1) өзінің қызметкерлерінің құзыреті мен міндеттерін анықтау;
2) заңнамаға сәйкес «Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекеме қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) бекітілген заңдылық тәртіпте «Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне тәртіптік жаза және ынталандыру бойынша шараларды қолданады, еңбек қатынастырының сұрақтарын шешеді;
4) бұйрықтарға қол қояды;
5) барлық мемлекеттік органдарда және басқада ұйымдарда «Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекеме атынан сөйлейді;
6) мемлекеттік функцияларды атқарумен байланысты емес, үшінші жақтарға қатысты «Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекеме  атынан қатысуға сенімхат береді.
20. «Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекеме  басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдауға міндетті және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдауға дербес жауапты болады.
«Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар жасаудың әр фактісі бойынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдамағаны үшін немесе тиісті емес орындағаны үшін заңдарда белгіленген тәртіпте басшысының дербес жауаптылығы қаралуы тиіс.

4. Мемлекеттік органның мүлкi

21. «Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі  заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін.
«Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. «Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

24. «Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі» мемелекетік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.



 

Архив Посланий Президента

 
 

 


Қараша, 2019
ДНСНСРБНЖМСБЖБ
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 


Сайтты жаңарту жылдамдығын бағалайсыз ба?
Берген даустардың мұрағаты